Қазақстандық спортшылар XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына 50-ден аса жолдама алды - Kazakh TV

Қазақстандық спортшылар  XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына 50-ден аса жолдамаға қол жеткізді. Біздің саңлақтар спорттың 9 түрінен бақтары мен баптарын сынамақ. Жалпы, төртжылдықтың дүбірлі жарысында спорттың 15 түрінен 102 алтын медаль сарапқа салынатыны белгілі. Оңтүстіккореялық Пхенчхан болса, олимпиада қатысушыларын қабылдауға сақадай сай. Әсіресе спортшылардың қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілген.

СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР МСМ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Мысалы, бүгін біздің шорт тректегі спортышлар болған жолдамаға тағы екеуін қосып алды. Сонымен бірге біздің фристайл акробатикада үш жолдама болған, соған екі жолдама қосып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер