Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:
1. Қазақстан сән апталығынан репортажды өткізіп алмаңыздар – "Open Way" жас дизайнерлер байқауы жаңа есімдерді танытты;
2. Отандық әрі арнайы шақырылған модельерлерден подиумның басты тенденциялары;
3. Kazakhstan Fashion Week-тің дебюттары.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар