Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

1. Отандық дизайнерлер бірінен соң бірі лукбук шығарып, ерекше идеясымен таңқалдыруда.
2. Әйгілі Костюм Институтының балы – осы жолы Қытайға арналған. 
3. Оңтүстік Кореядағы Шанельдің көрсетілімі мен жаңа топтамасы.
4. Сән әлемінің бүлікшісі Вивьен Вествудтың кезекті наразылық акциясы.
Және – Валентиноның романтикалық топтамасы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар