Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

1. Қазақстанда, Парижде, Миланда және Монакода -Айнұр Тұрысбек жаңа топтамасы мен моно көрсетілімдерімен сән астаналарын бағындыруда.
2. Еуропалық фэшн-ритейлерлер сатылым деңгейін ұлғайтқан!
3. Америкалық дизайнер Диана фон Фюрстенберг әлемнің ықпылды адамдарының тізімінде.
4. Карл Лагерфельдмультипликацилық топтамасын ұсынды.
5. Ал украиналық дизайнер Лилия Литковская фэшн фильм шығарды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар