Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

1. Mercedes-Benz Fashion Week Almaty-ның дебютанттары өздерін қалай көрсетті? Кіші подиум көрсетілімдеріне шолу.
2. Азия мен Еуропа дизайнерлерінен ауқымды шоу. Сингапур көшелеріндегі сән мейрамы.
3. Бразилия сән апталығының дизайнерлерінен ең өзекті жазға арналған топтамалар.
4. Жапон конструкторларынан жағажай мен кеңсеге арналған бірегей фэшн-жоба және жас эстон брендінен қымбат көйлектер. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар