Бағдарлама әлемде болып жатқан экономикалық үрдістер, олардың әлемдік қоғамдастыққа, белгілі бір елдерге, Қазақстанға, жалпы әрбір азаматқа ықпалы, сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық саласы туралы баяндайды.  
       

Миллионерлер.  Бұл адамдар ақшаға қатысты таршылықты білмейді. Олардың жеке яхтасы, ұшақтары, бағалы швейцарлық сағаттары бар, тіпті спорттық командаларды да сатып ала алады.  Олардың көлік жайларында соңғы люкс автокөліктер топтамасы тұрады. Ғаламшардың барлық тұрғындары бай адамдарды осылайша елестетеді. Бүгінде дүниежүзінде 32 миллион долларлы миллионерлер бар. Ең қызығы -  олардың көбі қарапайым тұрады. Мысалы, әлемдегі ең бай адам Карлос Слим арзан сағат тағады, пластмас оттықты пайлаланады, жертөледе орналасқан терезесі жоқ кеңседе отырады.  Статистика бойынша дүниежүзіндегі әрбір төртінші адам бір нәрседе үнемдеуге тырысады. Мысалы киімге, тамақтануға немесе демалуға. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар