Бұл жобада бүгінгі заманда да әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, төл мәдениетімізді дүние жүзіне танытып жатқан өнерпаздарымыз жайлы баяндайды Бағдарламада солар туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, қазіргі ұлттық музыкамызды жаңа стильге, түрлі аспаптарға салып орындау үрдісі кеңінен қалыптасты. Бағдарлама осы өнерді  насихаттауды мақсат тұтады.

Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойық салынған. Ертеректе ел арасында сақталғаны көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асық пайдаланатын болыпты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар