Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:
1.Kazakhstan Fashion Week подиумында 10-нан аса жас дизайнерлер;
2. Сәнді жетістік – Санжар Зарлыханов Украинада топтамасын ұсынды;
3. Сән саласындағы жаңа технологиялар – жаңа заманның бірегей аксессуары;
4. Maison Martin Margiela жайындағы документалды фильмнің премьерасы;
5. Дизайнерлер мен бишілердің бірлескен жобасы.
Және – Ульяны Сергеенконың жаңа топтамасына әсер еткен грузиндық сарын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар