Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап, бүкіләлемдік жаһандану жағдайында  бірқатар халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты негізге ала отырып, сыртқы байланыстарды дамытудың сындарлы саясатын жасай алды. Осы бағытта көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Бағдарлама Қазақстан мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы баяндайды. 

Аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі АҚШ-тың орталығы – аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ұйым. Ол түрлі эпидемиологиялық ауруларды зерттеу, алдын алу мен ақпарат тарату бағытында жұмыс істейді. Агенттік 1946 жылы Джорджия штатындағы Атланта қаласында құрылды. Ұйымның мың жарымнан астам қызметкерлері әлемнің 60 елінде қызмет етуде.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар