Бағдарлама әлемде болып жатқан экономикалық үрдістер, олардың әлемдік қоғамдастыққа, белгілі бір елдерге, Қазақстанға, жалпы әрбір азаматқа ықпалы, сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық саласы туралы баяндайды.  
       

Жыл сайын әлем бойынша дәрі-дәрімекке үш триллион доллар жұмсалады. Еуропада орта есеппен бір адамға дәріхана түбіртегі 500 долларға айналса, ал Жапонияда – 620, АҚШ-та жылына 1000 долларға дейін жетеді. Қазақстандықтар өзге елдерге қарағанда дәріге айтарлықтай аз жұмсайды. Жылына шамамен 100 доллар. Алайда 5 жыл бұрын отандастарымыздың дәріге кеткен шығыны 40 доллардан аспайтын. Жыл сайын шығын көлемі ұлғаюда. Фармацевтер бұл көрсеткішті аурудың көбейгендігінен емес, адамдардың өз денсаулығына көбірек көңіл бөле бастағанынан деп түсіндіреді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар