Бағдарламада Қазақстанды американдық журналист Деннис Кинның көзқарасымен жаңа қырынан танып біле аласыздар. Оған заманауи Қазақстанның  мәдениеті, табиғаты, адамдар, бәрі де қызықты. Ол өз күшімен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарымызды жасап, қой бағып көргісі келеді. Әр жолы қазақстандықтармен танысқан сайын, мәдени шараларды тамашалай, тарихи ескерткіштер, спорттық жарыстар, тіпті шығыс базарын аралай жүріп, көрермендермен түйген ойын бөліседі.

Бүгінгі бағдарламада біз өркениеттен 150 миль қашықтықта ұлан-ғайыр қазақ даласымен сапар шегіп келеміз. Соңғы он мильде біз мүлдем жолсызбен келе жатырмыз. Маңайда ешбір елді-мекен, тасжол, тамаша жерлер жоқ. Ендеше сіздер мұнда не үшін келді деп сұрауларыңыз мүмкін ғой, бірақ бізде белгілі бір мақсат бар, біз мұнда ежелгі заманның құпия әлеміне сүңгу үшін келдік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар