Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада: 
1. Еліміздің басты сәнді шарасы дайындығын бастады – Қазақстанда сән апталықтары қашан өткізілмек?
2. Михаил Кравецтың жаңа дизайнерлік топтамасы – көктемгі әдемі әрі нәзік топтама;
3. Лондондағы әйгілі кутурье Александр Маккуиннің шығармашылығына арналған ретроспективті шолу көрмесі; 
4. Жизель Бундхен подиумдағы жұмысын тоқтатпақ;
5. Доменико Дольче мен Стефано Габбана жанжалдың ортасында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар