Бейнелеу өнері – қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер алыстағы ұлтты алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған үлкен шоғыр -  қазақ өнерін көз жетпес биікке сүйреді. Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев сияқты тума таланттар әлемдік өнер сыншыларын еріксіз елең еткізді. Ұлттық колоритке қанық картиналар мен мүсіндер бірінен соң өмірге келіп жатты. Бағдарлама қазақтың біртуар қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен танытуға арналған.

Белгілі суретші Қытайда дүниеге келген. Әкесі Тұрфан мен Қашғардың арасында атақты Хотан жібегін сатумен айналысқан. Ахмет жастайынан әкесіне ілесіп, шығыстың қалаларын аралапты. Жолда кездескен сұлу табиғат, байырғы ғибадатхана, кенттегі шым-шытырық көшелер бала көңілде мықтап сақталып қалыпты. Кейін, есейген соң, әкесі жүрген жолмен тағы бір жүріп өткен. «Шығыс қалалары» деп аталатын суреттер топтамасы – сол кезде дүниеге келді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар