Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап, бүкіләлемдік жаһандану жағдайында  бірқатар халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты негізге ала отырып, сыртқы байланыстарды дамытудың сындарлы саясатын жасай алды. Осы бағытта көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Бағдарлама Қазақстан мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы баяндайды. 

Жастардың жұмыссыздығы – қазіргі таңдағы еңбек нарығының бас ауруына айналды.15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар дағдарыстың құрбанына айналды деп айтуға болады. осы аралықтағы еңбекпен қамтылмаған адамдардың үлесі 13 пайызға жуықтап қалды. Бұл жер бетінде 73 миллионнан астам бойжеткен мен бозбала екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүр деген сөз. Аталмыш құбылыс қоғамға қалайша кері әсер етеді және онымен күресудің жолдары қандай?

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар