Отанымыздың тарихында барлығына жақсы таныс болмаса да, халықтың ерекше қызығушылығын тудырып отырған, таң қаларлық деректер аз емес. Бағдарлама мақсаты – өткен күндердің беймәлім тұстарын тауып, егжей-тегжейлі зерттеп, көрерменге жеткізу.

Дүниежүзін басып қалған топан су серпіліп, Ноев кемесіндегі аман қалғандар сыртқа шыға бастағанда, олардың көз алдында керемет көрініс тұрды. Алып кеменің еденінде ғажайып үйлесім тапқан кілем жатты. Өйткені, жер жаһанға нөсер жауын жауғанда қойдың жүні кеме үстіне түскен. Суланған жүндерді зәресі ұшып қорыққан қойлар таптап тастағандықтан киіз пайда болған. Аңыз осылай дейді. Топан су басқаннан кейін арада қаншама уақыт өтсе де, киіз жасау тәсілі аса өзгермеген.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар