Қазақстан  60-тан аса халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады және 140-тан астам мемлекеттермен қарым-қатынас орнатып, оны белсенді дамытуда. Еліміздің бұрыннан келе жатқан ашық та тілектес серіктес ретінде беделі және бар. Мұнымен қоймай, кез келген уақытта қомақты диалог құруға қолайлы жағдай туғызуға дайын, әлемдік қауымдастықта әр түрлі интеграциялық үдеріс бастамашысы және белсенді қолдаушысы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында өткізілген және жоспарланған халықаралық іс-шаралар саны, елімізге "Халықаралық аренадағы жаһандық орталықтың бірі" деген мәртебеге үміткер болуға кепілдік береді. Қазақстанда әр деңгейдегі, әр ауқымдағы нәтижелі кездесулер үнемі болып тұрады. Аталмыш жобасының негізгі мақсаты - оларды айқын түсіндіру.

Батыс Қытай-Батыс Еуропа көлік коридорын жасау – Еуразияның көптеген елдері және халықтарының экономикалық, ғылыми техникалық, мәдени дамуыныі жаңа перспективаларын ашады. Заманаи трансконтинентальды тораптар Ұлы жібек жолы бағытына сай келеді, сонымен қатар, олар да сол ерте кездердегідей сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына мүмкіндік береді.  Бүгінгі күні Ұлы жібек жолы дәстүрін жаңғырту үдерісі аса өзекті, ал Қазақстан әйгілі жолды қайта жасауға бағтытталған халықаралық шаралардың бастамашыларының бірі болып отыр. «Біртұтас экономикалық кеңістіктегі жаңаша сауданың жол картасы – Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға ұмтылыс»- дәл осындай ұранмен Қазақстанның астанасында бөлшек сауда және тұтыну тауарларын дистрибуциялау жөніндегі бірінші Азиялық бизнес саммиті өтті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар