Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада: 
1. Қазақстандық Assel брендінің алғашқы көрсетілімі;
2. Ең сәнді Paris Fashion Week Haut Couture шарасына шолу. Сән майталмандарының трендтері және Париж подиумындағы ұттық сарын;
3. Сонымен қатар, әйгілі Джон Гальяноның сәнге қайта оралуы. Оны әріптестері мен халық қалай қабылдады?

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар