Бағдарлама әлемде болып жатқан экономикалық үрдістер, олардың әлемдік қоғамдастыққа, белгілі бір елдерге, Қазақстанға, жалпы әрбір азаматқа ықпалы, сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық саласы туралы баяндайды.  
       

Гүл сататын дүкендердің бір күнгі табысы қандай? Әдетте гүл сатушылары күніне кем дегенде 1000 доллар табады. Алайда мейрам күндерінде бұл сомма 10 мың доллардан асып жығылады. Той маусымында дүкенге 3 мың доллар кіріс кіреді.  Расы керек, қазірде гүлдердің алуан  түрі бар. Оны өсіріп, сатуды кәсіпке айналдырған азаматтар да көп. Тіпті салтанатты кештерді безендіріп, гүл шоқтарын жинауға үйрететін дайындық курстары да ашылды. Мұндай жерлерде раушан, қызғалдақ, нәркес, тіпті кәдімгі қырыққұлақтың жапырақтарынан нағыз өнер туындысын  жинауға үйретеді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар