Бағдарлама әлем мен Қазақстан жаңалықтарын біріктіріп, өзекті fashion-тренд пен стиль жөнінде ақпарат береді. Сән апталықтарынан шолу, жеке көрсетілімдерден, көрмелерден репортаж жасап, дизайнерлердің шығармашылықтары және киім өндірісіндегі жаңалықтар бойынша мәлімет береді. Ал ең бастысы, Қазақстан сән индустриясының тыныс-тіршілігі, отандық дизайнерлермен сұхбат арқылы олардың жетістіктері мен басынан кешкен қиындықтары жөнінде сюжеттер жасайды.

Бүгінгі бағдарламада:
1. Pink Label концептуалды сәнді алаңының ашылуынан әрі жас дизайнерлердің көрсетілімдерінен репортаждар; 
2. Лондон мен Берлин сән апталықтарының топтамаларына шолу: Москино, Оливер Спенсер және Саша Ковачевич;
3. Сонымен бірге, арнайы Fashion Persona айдары. Қазақстандық трендсеттердің гардеробын талқылайық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар