Бағдарлама әлемде болып жатқан экономикалық үрдістер, олардың әлемдік қоғамдастыққа, белгілі бір елдерге, Қазақстанға, жалпы әрбір азаматқа ықпалы, сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық саласы туралы баяндайды.  
       

Табиғатта ең аз кездесетін металдардың бірі – алтын. Әр сағат сайын дүниенің түкпір – түкпірінде болаттан құйылған бұйымдардың саны, бүгінге  дейін жиналған алтыннан асып жығылады. Бірақ бұл қымбат металдың құндылығын асыра түседі. Себебі түрлі мәдени, спорттық шаралар мен салт-дәстүрлерде алтыннан жасалған бұйымдарды пайдаланады. Тіпті отбасылық өмірін бастамас бұрын, ерлі-зайыптылар бір-біріне алтын сақина сыйлайды. Осындай жандардың бірі Михаил Андреев. Сүйіктісіне сөз салмақ ниеттегі азамат, зергерлік дүкендердің табалдырығын тоздырды. Алайда алуан түрлі бұйымдар мен олардың бағасы жас жігітті әбігерлікке салды. Өйткені 585 үлгісіндегі алтынның 1 граммы -100 долларға тең. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар