«Modern Nomads» жобасы қазақ халқының әр түрлі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің пайда болу тарихы жайлы баяндайды. Дәстүрлердің көпшілігі қызықты наным-сенімдер және аңыздармен байланысты болғандықтан, осындай жобалардың шетелдік аудитория тарапынан да қызығушылық тудыруы ғажап емес. 
 

Гүлжан шебер кестеші. Кесте тігу – оның бала жасынан бері айналысқан кәсібі. Кесте – қазақ қолөнерінің ерекше түрі. Бұл өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдардың бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Қыз-келіншектердің көйлек-көншігі, шапаны мен камзолы тұтастай қызыл-сары гүлдестемен көмкеріледі. Бұл әйел затының ажарын ашатын байлық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар