Бейнелеу өнері – қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер алыстағы ұлтты алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған үлкен шоғыр -  қазақ өнерін көз жетпес биікке сүйреді. Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев сияқты тума таланттар әлемдік өнер сыншыларын еріксіз елең еткізді. Ұлттық колоритке қанық картиналар мен мүсіндер бірінен соң өмірге келіп жатты. Бағдарлама қазақтың біртуар қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен танытуға арналған.

Фатима литографиядағы графикалық техникамен жұмыс істейді. Шығармашылығына арқау болған сала - қазақ ертегілері, ауыз әдебиеті, сондай-ақ қырғыз халқының атақты «Манас жыры». Ол көп ізденіс пен тынымсызх еңбектің арқасында өнерде үлкен жетістікке жетті. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар Марокко, Швеция, Ресей секілді елдердің көрмесіне ажар беріп тұр .

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар

Серік Тайынов

14.10.2017 14:19 2457

Естай Даубаев

13.10.2017 14:19 2019

Болат Құсайынов

12.10.2017 14:19 690

Аршын Қабылбек

16.09.2017 14:19 18591

Сабыр Мамбеев

15.09.2017 14:19 3051

Он екі картина

10.08.2017 14:19 3415