Қазақстан  60-тан аса халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады және 140-тан астам мемлекеттермен қарым-қатынас орнатып, оны белсенді дамытуда. Еліміздің бұрыннан келе жатқан ашық та тілектес серіктес ретінде беделі және бар. Мұнымен қоймай, кез келген уақытта қомақты диалог құруға қолайлы жағдай туғызуға дайын, әлемдік қауымдастықта әр түрлі интеграциялық үдеріс бастамашысы және белсенді қолдаушысы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында өткізілген және жоспарланған халықаралық іс-шаралар саны, елімізге "Халықаралық аренадағы жаһандық орталықтың бірі" деген мәртебеге үміткер болуға кепілдік береді. Қазақстанда әр деңгейдегі, әр ауқымдағы нәтижелі кездесулер үнемі болып тұрады. Аталмыш жобасының негізгі мақсаты - оларды айқын түсіндіру.

Бүгінгі таңда Қазақстан тартылған инвестициялардың көлемі жағынан жиырма көшбасшы елдердің тізіміне енген. 2014-ші жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар ағымының көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінен Ресейден кейінгі екінші орынға ие болды. Қазір республиканың үкіметі ірі шетелдік компаниялардың қатысумен 300-ден астам инвестициялық жобаларды жасауда. Оның үштен бірі жүзеге асып үлгерген. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға шамамен 200 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылған. Осындай мәліметтер Астанада өткен халықаралық инвестициялық форумда айтылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар