Бейнелеу өнері – қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер алыстағы ұлтты алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған үлкен шоғыр -  қазақ өнерін көз жетпес биікке сүйреді. Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев сияқты тума таланттар әлемдік өнер сыншыларын еріксіз елең еткізді. Ұлттық колоритке қанық картиналар мен мүсіндер бірінен соң өмірге келіп жатты. Бағдарлама қазақтың біртуар қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен танытуға арналған.

Бақытжан Мырзахметов өзіндік азаматтық позициясы қалыптасқан суретші. Көп ішінен ел, жер, тарих мәселесіне қатысты өз көзқарасын айтып салудан тайсалмайтындығымен ерекшеленеді. Абай, Шоқан, Ыбырай сынды қазақ ағартушыларының бейнесі оның шығармашылығында елеулі орын алып тұр. Бүгінде оның жұмыстары Тұңғыш Президенттің мәдени орталығында, Ақмола облыстық және Алматы мұражайларында сақтаулы. Ізденімпаз суретші заман ағысымен жарысып, өзінің стиліне жаңалық енгізуден қорықпайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар

"Іздер" көрмесі

12.11.2017 07:34 1855

Серік Тайынов

14.10.2017 14:19 9667

Естай Даубаев

13.10.2017 14:19 2134

Болат Құсайынов

12.10.2017 14:19 813

Аршын Қабылбек

16.09.2017 14:19 18665

Сабыр Мамбеев

15.09.2017 14:19 3138