Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап, бүкіләлемдік жаһандану жағдайында  бірқатар халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты негізге ала отырып, сыртқы байланыстарды дамытудың сындарлы саясатын жасай алды. Осы бағытта көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Бағдарлама Қазақстан мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы баяндайды. 

Өтіп бара жатқан 2014 жыл көптеген халықаралық ұйымдардың тарихында ойып тұрып орын алады. Тек Орта Азия өңірінде ғана бірнеше айтулы оқиға болды. Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім, Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті, ИСО халықаралық стандарттау ұйымының 37 Бас ассамблеясы  сынды алқалы жиындар өтті. Халықаралық ұйымдар қазіргі таңда мемлекетаралық қарым қатынасты реттеуде ерекше рөл атқарып келеді, әлемдік маңызы бар мәселелерді шешуге де үлестерін қосуда. Яғни, экологияны жақсарту, соғыс пен бейбітшілік, СПИД пен есірткіге қарсы күрес, қауіпсіздік және дүниежүзілік мәдени құндылықтарды сақтау бойынша көп шаруа тындыруда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар