БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы

Қазіргі заманда елдер дамыған және дамып келе жатқан деп екіге бөлінеді. Соған қарамастан, кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздік әрбір мемлекет үшін өзекті мәселе болып қалуда. Мысалы, әлем бойынша 60 миллионнан астам адам кедейлер қатарында болса,  150 миллионының хал-ахуалы жалпы  экономикалық жағдайға тікелей тәуелді. Соңғы жылдары Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Оған 2000 жылы БҰҰ-ы Мыңжылдық Декларациясын қабылдағаннан  кейін, халықаралық даму туралы бағдарламалардың белсенді түрде жұмыс істей бастағаны ықпал етті.

Пікірлер