Тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап, кең байтақ Қазақстан бизнеспен шұғылдану, білім алу мақсатында немесе қызмет бабымен алыс-жақын шетелдерден келген азаматтардың екінші үйіне айналды. Олар  еліміздің күн санап дамуына куә болып отыр. Сонымен қатар, өздерінің жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуге, пікір алмасуға әрқашан дайын. Бағдарлама  олардың Қазақстандағы тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды.

Оливер Хуф Алматыға туған жері - Англиядан мотоциклмен келген. Ол Франция, Бельгия, Голландия, Германия, Польша, Украина, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан өтіп, саяхаты осы Қазақстанда, Алматыда аяқталды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар