Кәмшат Есмұхамбетқызы

Өмір жиегі Қарақалпақ өрнегіне толы. Ұсақ жіңішке сыңар мүйіз қара шапанға әдемі сән беріп тұр. Етегі ұзын шапан қыз бойына қиып қойғандай жарасымды. Қызыл, көк жіптер қара матаның түсін ашады. Төрт бұрыш, тік бұрышты өрнектерге тіл бітсе, сайрап ала жөнелетіндей. Зерлі, оқалы шапан бірнеше ғасырдың көзі. Сүзіле бастаған барқыттың қыртысынан ғана көне  жәдігер екендігі аңғарылады.

Пікірлер