Эр-эниш – қырғыздардың ат үстіндегі күресі

Ат жарысы – Орта Азия елдерінің ұлттық спорты. Мұнда жылқының тұқымы маңызды емес. Бастысы бәйгеге жасы сай келсе болды. Аттың жасын жарыс басталмай тұрып, әділ қазылар тістеріне қарап тексереді.Шабандоздарға келетін болсақ, оларға арнайы біліктіліктен өту шарт емес. Бастысы атпен шаба алатын, бәйгенің ережесін білетін адам болу керек. Шабандоз 12 жастан кіші болмауы тиіс. Бұл жолғы сайыста Ұлыбритания мен Ирландияның спортшылары болмады. Негізі ат жарысының мықтылары солар. Сайысқа ол мемлекеттердің делегаттары мен әділ қазылары келді. Көшпенділер ойынына бірінші рет сумошылар қатысты. Жапония бастаған 10 мемлекеттің спортшылары тартысты күресті. Дәстүрлі моңғол күресінің сайысы да аяқталды. Бұл күрес түрі биыл көшпенділер ойынында бірінші рет өткізіліп отыр. Бұрын мұндай жекпе-жек батырлардың арасында өткізілген. Қай батыр жеңсе соның әскері де жеңген болып есептелетін. Эр-эниш – қырғыздардың ат үстіндегі күресі. Бұрынғы көшпенділер ат үстінде спорт үшін емес, кез келген жағдайда жауына қарсы тұру үшін күресетін. Сондықтан да күрестің ережесі қатал. Қарсыласын ер-тоқымынан алып, жерге жығу керек. Кеудесі мен шынтағынан ұстауға болады. Атта қаққан қазықтай қасқайып отыру үшін адуынды, қара күш керек. Одан бөлек, тізгіндеген атыңыз да мықты болу керек. Эр-эниште тек ептілік қана маңызды емес, спортшы күшті, атын жылдам басқара білу керек. Қазақстандықтар финалға бірден 5 түрлі салмақ дәрежесінде шықты.

Пікірлер