Семсерлесу – жауынгердің нағыз күшін көрсететін спорт түрі

Тарихи қылыштасу  — түрлі халықтың әдет ғұрпы мен салт-дәстүрін танытатын спорт. Жыл сайын ережесін өзгертсе де, бұл спортқа қызығушылардың саны азайған емес. Сайыстың алғашқы легінде Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның спортшылары алға шықты. Қылыштасумен қатар Шолпан-Атада армрестлердің жарысы өтіп өтті. Қол күрестіруден Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Екінші орында Украина, үшінші орын Қырғызстанның еншісінде. Ал қырғыздың ұлттық күресінен әр салмақ дәрежесінде біздің палуандар 5 медальға қол жеткізді. Екі күндік сайыстың нәтижеінде Қазақстан командасы медаль көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты. Біздің спортшылардың қанжығасында19 медаль, оның 7-і алтын. Екінші орында Қырғызстан құрамасы, ал үшінші орында Түркіменстан команадсы. Екі жылда бір рет Шолпан-Ата қаласы атқа мініп, қару-жарақ асынған көшпенділердің олимпидалық қаласына айналады. Биылғы ойында 37 спорт түрінен бәсеке болады. Ал бұған дейінгі көшпенділер ойынында спортшылар 32 түрлі спорттан бақ сынасқан болатын. Биылғы көшпенділер ойынында 594 медаль сарапқа түседі. Жалпы жүлде қоры 26 миллион сомнан асады. Бұл дегеніңіз 410 мың доллар шамасында.

Пікірлер