Өзбекстанның атақты дәрігері Алексей Назаровтан «Ташкент палауы»

Меценат, коллекция жинаушы, жазушы, «ғажап-адам». Алексей Назаровты суретші достары, дәрігер әріптестері мен дертінен айығып кеткен науқастары осылай деп атайды. Ширек ғасыр бұрын ол Ташкенттегі алғашқы жеке клиникалардың бірін ашып, өзінің емдеу әдісін ойлап тапқан болатын. Сонымен қоса Алексей Назаров Орталық Азиядағы ең ірі қазіргі заманғы өнер мұражайының негізін қалаушы Игорь Савицкий секілді суреттерді жинақтаумен айналысады. Сөйтіп өнер адамдарына қолдау көрсетіп, туындылардың бүлінуін болдырмайды. Дәрігер суретшілермен дос болып қана қоймай, оларды үйіне қонаққа шақырып, өз қолымен «Ташкент палауын» пісіріп береді.

Бағдарламада Алексей Назаровтың жұмыс процесі, сондай-ақ Орал Таңсықбаевтың Ташкенттегі мұражай үйін аралап, Шөл даладағы Лувр, яғни Қарақалпақстанның мақтанышына саяхат жасай аласыз.

Пікірлер