Almaty Tech Cup 2018 - робототехника мен инженерлік жобалар додасы - Kazakh TV

«Almaty TechCup 2018» - ғылыми-техникалық шығармашылық бойынша Қазақстанның ірі чемпионаттарының бірі. Мұнда кез келген адам робот техникасы, жаңа технологиялар және инновациялар әлеміне аттанады.  

Бағдарламада Альтернатива атты робот техникасы, кибернетика және бағдарламалау клубының оқушылары Никита мен Лейла өз жобаларын қалай қорғағандарын көре аласыздар. Олар өз қолдарымен автономды жылыжай құрастырған. Онда жаңбыр суымен өсімдіктерді тамшылап суару әдісі қолданылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Соңғы бағдарламалар