Жұбы жазылмас үш дос xалықаралық компанияда бірге қызмет етеді және олар әртүрлі мемлекет азаматтары. Қызметтік демалысын бір-біріне қонақтап, бірге өткізуге уәделеседі. Әрқайсысы өз мемлекетінің керемет жерлерімен таныстырып, мәдениетіне тереңірек үңіледі. Онымен қоса, достар қай мемлекет ең қонақжай екеніне бәс тігеді. Әр мемлекетте олар 3 күн ғана саяxаттайды. Демалыстың бір күнін достар өз көзқарасына қарай жоспарлайды. Қызметтік демалыстың әр күнінің соңында достар "қонақ қабылдаушы" жақтағы әріптесінің қалай тырысқанын бағалайды. Саяxаттың соңында кімнің ұпай саны ең жоғары болса, сол бағалы сыйлықты иеленеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар