Қазақстан – жаһандық экономиканың толыққанды мүшесі. Бүгінде еліміз дамыған 50 елдің қатарында. Экспорт географиямыз әлемнің 100 мемлекетіне дайын өнім жеткізеді. Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі отындық, металлургиялық, химиялық кешендер есебінен айқын шикізаттық бағытта қалыптасады. Ал экспортталатын отандық өнімнің саны – 820. Соңғы уақытта бұл үрдіс өзгерді. Қазақстанда жаңа өңдеу кәсіпорындары ашылуда. Отандық кәсіпорындар енді әлемдік нарыққа дайын өніммен шығады. «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар өнімдер қайда және қалай жасалатынын «Біздің экспорт» бағдарламасынан білетін боласыздар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар