Бағдарлама Қазақстанда қызмет етіп жүрген шетел инвесторларына арналған. Әр шығарылымда отандық экономиканың дамуына серпін беретін әр түрлі инвестициялық жобалар жайлы айтылады. 

Тау-кен қазу және кен байытуға арналған өнімдерді шығаратын отандық кәсіпорындардың бірі Шығыс Қазақстандағы Согра ауылында орналасқан. Жақында зауыт қайта жаңғырды. Шығыс Еуропадағы ең ірі полиуретан өндірушісі, ресейлік инвестор СОМЭКС компаниялар тобы жөндеу-электромеханикалық зауытқа 1 млрд.600 млн теңге салды. Бірнеше жаңа цехтар салынды, тауарлардың номенклатурасы жаңартылды. Түрлі кен-металлургиялық жабдықтар, металлконструкция және полиуретаннан – полимер өндірісі жолға қойылды. Полимер – иілгіштік қасиеті жоғары, түрлі механикалық салмақтарға төзімді әрі температураның -60 аязына немесе +80 аптап ыстығына шыдамды. ​

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар