Опера – өнердің биік шыңы десек, балет – XXI ғасырда да адам баласын еліктіріп әкететін әсем өнер. Классикалық өнер сұлулықты және жер бетіндегі үйлесімділікті, адамның тұлға ретінде мінсіз, сананың мүмкіндігі шексіз екенін паш ететіні даусыз. Адамзатты жаңа технология алға жетелеп, бүгінде жаның қалайтын ойын-сауықтың неше түрі сананы жаулаған заманда , рухани құндылық назардан тыс қалып жатады. Осы орайда «Сахна сыры» – таптырмас рухани азық.

 

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры —елімізде тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық өнер ордасы. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді. Олар Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты басқа да көптеген елдерде өнер көрсетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар