Бағдарлама Қазақстанда қызмет етіп жүрген шетел инвесторларына арналған. Әр шығарылымда отандық экономиканың дамуына серпін беретін әр түрлі инвестициялық жобалар жайлы айтылады. 

Әлемге танымал америкалық Caterpillar машина жасау корпорациясы Қазақстан нарығында 1999 жылы пайда болды. Елімізде бұл сауда белгісінің түрлі техникасы көрсетілген. Арасында қалада қолдануға ыңғайлы шағын экскаваторлар, ондаған тонна жүкті тасымалдауға қауқарлы алып самосвал мен дизельді және газ генераторларының түрі-түрі бар. Корпорацияның Қазақстандағы ресми дилері  - түріктің «Борусан Макина Қазақстан» компаниясы.  Бұл компания болат өндіріп, энергетика, логистика және телебайланыс саласында қызмет ететін көпбейінді «Борусан» холдингінің бір бөлігі саналады.

Қазақстандағы компанияда 800-ге жуық адам еңбек етеді. Еліміздің 22 қаласында өкілдіктері бар. Олар клиенттерге аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы сапалы қызмет көрсетеді. Компания Қарағандыда компоненттерді қалпына келтіру зауытын ашқан. Ал, бас кеңсесі Алматыда орналасқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар