Қазақстанның жабайы әлемі. Қаншалықты ол нәзік, таңғажайып әдемі және барланбаған десеңізші?! Біздің мемлекет – жабайы табиғаттың көркін сақтап қалған бірегей ел. Таулар, сайын дала және ну орманы – жабайы жануарларға толы. Өсімдіктері мен жануарлар әлемі тіпті әлемдегі ең мықты биологтардың өзін таң қалдырады. Алайда, табиғат қанша сұлу болғанмен, ішінде төл түрлері мен азаюға қаупі бар түрлері аз емес. Әр бағдарламада біз саяхатқа шығып, сирек кездесетін флора мен фауна түрлерін іздестіреміз. Тәжірибелі биолог Юрий Алексеев шынайы жабайы табиғаттың керемет тынысы мен тіршілігін айтып береді.

 

Қазақстанның қырмызы қызғалдақтары Орта Азия флорасының ең әдемі, ерекше өсімдіктеріне жатады. Ғалымдардың пайымынша, Қазақстанның оңтүстігі мен Азияның орталығындағы аудандар қызғалдақтың отаны саналады екен. Шөлейтті және таулы белдеулерде, жазық жазиралы дала төрінде қызғалдақтың шамамен 37 түрі өседі. 

Дей тұрғанымен, қызғалдық гүлінің сан түрі ел аумағында өскенімен, тұрғындардың басым бөлігі қызғалдақ отаны Голландия мемлекеті деп ойлайды. Бірақ, аталмыш елде бұл гүлдің ешбір түрі өспейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар