Халық қолөнерінің тарихы – бұл шығармашылық ізденістер мен халық арасынан шыққан шеберлер ойлап тапқан нәрселердің шежіресі. Қазақ халқының өнері ғасырлар бойына қалыптасып, жетіліп келді, ұлттық келбет пен дәстүрлер шыңдалды. Халықтың қолөнер кәсібінде тарихи естеліктер мен ұлттық мұра сақталған. Қолөнер шеберлері алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, олардан қалған өнерді тырнақтап жинап, сақтап, оны өскелең ұрпаққа үйретуден талмай келеді.

Ағаш өңдеу адам игерген алғашқы кәсіптердің бірі болып табылады. Адам өз ойы мен сезімін осы ағашқа салып үйренген – осылайша өнер пайда болған.

Көне заман суретшілерінің шеберлігі, әрине, таң қаларлық, дегенмен біздің қазіргі заманымызда да өткеннен қалған мұраны жаңғыртып, біртума шедерврлер жасайтын адамдар бар. Сондай шеберлердің бірі – суретші Фархад Ғаянұлы Камалов. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар