Бейнелеу өнері – қиялға қанат байлап, шабытқа бөлейді. Шетелдіктер алыстағы ұлтты алдымен осындай мәдениеті, өнері және тарихы арқылы таниды. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған үлкен шоғыр -  қазақ өнерін көз жетпес биікке сүйреді. Ә.Қастеев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев сияқты тума таланттар әлемдік өнер сыншыларын еріксіз елең еткізді. Ұлттық колоритке қанық картиналар мен мүсіндер бірінен соң өмірге келіп жатты. Бағдарлама қазақтың біртуар қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен танытуға арналған.

 
Адам баласы қашанда қоршаған ортаны, табиғат сұлулығын жырлауға, бейнелеуге ынтық болған. Өйткені табиғат пен адам бір-бірімен етене жақын. Кең-байтақ еліміздің  мың құлпырған  сан-алуан табиғаты, көрген жанды ғажайып әсерге бөлейді. Сондықтан да Қазақстан бейнелеу өнерінде табиғат тақырыбының алар орны ерекше. Осы бір ауқымды  тақырыпқа қалам тартпаған суретші, сірә, жоқ та шығар. Суреткердің жүрегінен шыққан  табиғат көріністері, көрген жанға белгілі бір көңіл-күй береді. Сондықтан суретші мақсатының бір ұшы – көңіл-күйді бейнелеу. Жалпы бейнелеу өнерінде форма  мен түсті  және негізгі қағидалар мен ережелерді меңгеруде табиғат тақырыбының орны ерекше.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар

Мұхтар Сыздықов

13.12.2017 01:05 45

"Іздер" көрмесі

12.11.2017 07:34 9075

Серік Тайынов

14.10.2017 14:19 9799

Естай Даубаев

13.10.2017 14:19 2232

Болат Құсайынов

12.10.2017 14:19 955

Аршын Қабылбек

16.09.2017 14:19 18815