Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап, бүкіләлемдік жаһандану жағдайында  бірқатар халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты негізге ала отырып, сыртқы байланыстарды дамытудың сындарлы саясатын жасай алды. Осы бағытта көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Бағдарлама Қазақстан мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы баяндайды. 

Энергетикалық қауіпсіздік дегеніміз – энергетикалық ресурстарға тұрақты түрде, тиімді бағамен қол жеткізу. Бұл анықтаманы халықаралық сарапшылар бекіткен. Және жер бетінде мұндай ресурстар аз емес. Мысалы, Қазақстандағы қуат көзінің 70 пайызы көмірден алынады. Сондай-ақ елімізде гидроресурстар да жеткілікті. Яғни жаңа су электростанцияларын салумен қатар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту шаралары қолға алынуда. Бұл бағытта үкіметіміз көрші елдермен де әріптестік аясын кеңейтуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар