Бұл жобада бүгінгі заманда да әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, төл мәдениетімізді дүние жүзіне танытып жатқан өнерпаздарымыз жайлы баяндайды Бағдарламада солар туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, қазіргі ұлттық музыкамызды жаңа стильге, түрлі аспаптарға салып орындау үрдісі кеңінен қалыптасты. Бағдарлама осы өнерді  насихаттауды мақсат тұтады.

Бұл үш ішекті домбыра аңыз ақын Шәкір Әбеновтың батасымен келген домбыра. Бұл домбыраны 1985 жылы мен жас маман ретінде Абай ауданының Қарауыл селосына барғанда, сол жерде Шәкір атаның күйлерін нотаға түсіру керек болды. Сосын, қасында болып, күйлерін нотаға түсіріп, 85 жасқа толған мерейтойында ойнадым. Содан маған осы үш ішекті домбырасын сыйға тартты. Батасын берді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар