Халық қолөнерінің тарихы – бұл шығармашылық ізденістер мен халық арасынан шыққан шеберлер ойлап тапқан нәрселердің шежіресі. Қазақ халқының өнері ғасырлар бойына қалыптасып, жетіліп келді, ұлттық келбет пен дәстүрлер шыңдалды. Халықтың қолөнер кәсібінде тарихи естеліктер мен ұлттық мұра сақталған. Қолөнер шеберлері алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, олардан қалған өнерді тырнақтап жинап, сақтап, оны өскелең ұрпаққа үйретуден талмай келеді.

Бүгінгі бағдарламамызда біз өз қолымен қайталанбас паннолар жасайтын шебер туралы айтамыз. Бүкіл жан-тәнін салып жасаған бұйымдары арқылы Болат Атамқұлов өз шығармашылық потенциалын ашып, оны басқа адамдармен бөлісетін секілді. Халық дәстүрін дамыта отырып, ол сол дәстүрге тың ойлар қосып, үнемі жетілдіруде.  Қазақтың көркем ою өнерінің өзіндік ерекшеліктерін дамыту тарихы осылай жалғасып келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар