Халық қолөнерінің тарихы – бұл шығармашылық ізденістер мен халық арасынан шыққан шеберлер ойлап тапқан нәрселердің шежіресі. Қазақ халқының өнері ғасырлар бойына қалыптасып, жетіліп келді, ұлттық келбет пен дәстүрлер шыңдалды. Халықтың қолөнер кәсібінде тарихи естеліктер мен ұлттық мұра сақталған. Қолөнер шеберлері алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, олардан қалған өнерді тырнақтап жинап, сақтап, оны өскелең ұрпаққа үйретуден талмай келеді.

Ағаш, жануарлардың сүйектері, тастар - мұның барлығы табиғаттың адамға сыйлайтын материалдары. Атам замманнан бері оларды адам  қасиеттері мен сапаларына қарай өңдеп келеді. Материалдардың табиғи сапасын қолдана білу - уақыт өте келе тұтастай халықтың мәдени мұрасына айналған қайталанбас бірегей шедеврлер жасауға мүмкіндік берді. Қазақстанның таңғаларлықтай контрастылы табиғаты өнердегі негізгі шығармашылық шабыт көзі болып қана қоймай, ағаштан түйін түйетін халық шеберлерінt шикізат пен материал да берді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар