Бағдарламада Қазақстанды американдық журналист Деннис Кинның көзқарасымен жаңа қырынан танып біле аласыздар. Оған заманауи Қазақстанның  мәдениеті, табиғаты, адамдар, бәрі де қызықты. Ол өз күшімен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарымызды жасап, қой бағып көргісі келеді. Әр жолы қазақстандықтармен танысқан сайын, мәдени шараларды тамашалай, тарихи ескерткіштер, спорттық жарыстар, тіпті шығыс базарын аралай жүріп, көрермендермен түйген ойын бөліседі.

Сәлем, мен Деннис Кин, бүгін Кездесу орны - Қазақстан бағдарламасында біз шырайлы Шымкентке ат басын тіредік. Ол -Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Керемет жаңа алаңдары мен аудандары бар. Сонымен қатар елдегі ең көне елді мекендердің бірі. Бүгін біз бұл қаланың тарихына бойлап, саяхаттаймыз.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар