Көшпенділердің әскери-ұйымдастырушылық үлгісі Барлық алып көшпенділер бірлестігінің қоғамдық-саяси құрылғысына енгізілгендігі тарих беттерінен белгілі. Сарапшылардың ойынан, ғалымдардың талдауынан, түрлі оқиғалардан үлгі ала отырып, көрермен қазақ даласының тарихын, қиын кезеңдерден өткен өмірін, шиеленіс жерлердің шешімін табуға тырысады. Заманауи компьютерлік графиканың көмегімен жауынгерлік жарғы, номадтардың сап түзеуі, киім-кешектері мен әскери жабдықтарының үлгісін көруге болады. Бағдарламаға каскадерлардың қатысуы, тарихи костюмдардың қолданылуы, сондай-ақ, қару-жарақтарға қарап, сол кезеңдегі көшпенділердің әскери-ұйымдастырушылық моделін елестете аласыз.

Сегіз жүз жыл бұрын бір адам жарты әлемді жаулап алған. Оның аты – Шыңғысхан. Ол әлем тарихы аренасындағы ұлы жаулап алушы.

Көшпенді, қызмет аясы аңға шығу мен мал бағумен шектелсе де, қуатты үш мемлекетті күйретті, еш уақытта қала өмірін көрмей, жазу-сызуды білмесе де, елу түрлі халыққа арналған заңдар кодексін құрастырды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар