Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жайлы танымдық бағдарлама. Қазіргі тұрмыста ата-бабадан қалған салт-жораларды қаншалықты ұстанады? Ұмыт қалған, қайта оралған салт-дәстүрлер жайлы не білеміз?

Адам баласының қазіргі өмірі уақытпен өлшенген. Таңертең оянғаннан, күн батып, ұйқыға кеткенге дейін сағатқа сан мың мәрте қараймыз. Уақыттан кеш қалмауға тырысамыз. Тіптен қазір адамды өзінің уақытын басқаруға үйрететін «тайм-менеджмент» курстары сәнге айналды. Ал шын мәнінде уақыт бізді басқарады ма, біз уақытты басқарамыз ба? Біздің көшпенді ата-бабаларымыз сағатсыз, қазіргі күнтізбесіз уақытты, тәулікті, жылды қалай өлшей білген? 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар