Халық қолөнерінің тарихы – бұл шығармашылық ізденістер мен халық арасынан шыққан шеберлер ойлап тапқан нәрселердің шежіресі. Қазақ халқының өнері ғасырлар бойына қалыптасып, жетіліп келді, ұлттық келбет пен дәстүрлер шыңдалды. Халықтың қолөнер кәсібінде тарихи естеліктер мен ұлттық мұра сақталған. Қолөнер шеберлері алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, олардан қалған өнерді тырнақтап жинап, сақтап, оны өскелең ұрпаққа үйретуден талмай келеді.

Көптеген халықтарда, әсіресе қазақтарда, киіз – текстильдің негізгі түрлерінің бірі, ол адамзатқа бүкіл өмір бойы пайдасын тигізіп келеді, киізден өзіміз жақсы білетін киіз үйлер мен кілемдер ғана емес, басқа да ыңғайлы және қажетті заттар жасалған, мысалы: сөмкелер, киім, аяқ киім және тағы басқа.

Біз қонақ болып келіп отырған киіз шебері Бекқұлова Айжан киізден неше түрлі әдемі бұйымдар жасайды: аксессуарлар, ойыншықтар, заманға сай сәнді көйлектер – мұның барлығын атап шығу мүмкін емес.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар