Халық қолөнерінің тарихы – бұл шығармашылық ізденістер мен халық арасынан шыққан шеберлер ойлап тапқан нәрселердің шежіресі. Қазақ халқының өнері ғасырлар бойына қалыптасып, жетіліп келді, ұлттық келбет пен дәстүрлер шыңдалды. Халықтың қолөнер кәсібінде тарихи естеліктер мен ұлттық мұра сақталған. Қолөнер шеберлері алдыңғы ұрпақ тәжірибесін, олардан қалған өнерді тырнақтап жинап, сақтап, оны өскелең ұрпаққа үйретуден талмай келеді.

Сейфолла Рыстан өзінің бірегей шығармашылығын мектептегі жұмысымен қатар жүргізіп келеді.Өзі ұстаз, балаларды сурет салу және сызу өнеріне баулиды. Ол тері илеудің көне заманнан қалған әдістерін тірнектеп жинайды. Бұл оңай іс емес, себебі тері илеу әдісін әрбір шебер құпия сақтап, тек балаларына ғана беріп отырған. Сейфолла Рыстан жасаған бұйымдардың қай-қайсысын да – қамшы болсын, қын болсын, белбеу немесе жебе салатын қорамсақ болсын – қолға алғанда, ғасырлар қойнауына ене жөнелесің. 

Оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерде де танымал. Францияда, Германияда және басқа Еуропа елдерінде ұйымдастырылған көрмелерге қатысып, жоғары бағаларды иеленген. Тынықмұхит аймағы мен Орта Азия елдерінде беделді «Шебер» титулымен марапатталған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар