Әрбір шығарылымның сюжеті белгілі бір жұмбақ/құпияның айналасында өрбиді, және экспедиция аясында жасырылған сырды ашуға тырысамыз. Экспедиция қатысушылары әрдайым түрлі экстремалды бөгеттерге тап болып, қиын жағдайларда аман қалудың амалдарын іздестіреді. Бүтін бағдарлама легі ежелгі және заманауи Ұлы Жібек жолының нысандарына байланысты болады

 

Бүгінгі бағдарламада:

Сырға толы сапарлар телеэкспедициясы өте қызықты сапарға бағытын түзеді. Өйткені штабқа Балқаш көлінің оңтүстігінде орналасқан балық аулау базасынан қоңырау келіп түсті. Онда Колумб атты бірқазанның қызықты тағдыры хабарланған болатын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Пікірлер

Соңғы бағдарламалар